Финляндияда өткен додада жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар Әлем біріншілігінің элиталы дивизионындағы орнын сақтап қалды
Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінде Италия командасынан басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бастапқыда қазақстандық хоккейшілер қалыпты ойнағанымен, үшінші кезеңде шалт қимылдап басымдыққа ие болды.
Кертис Волк ашса, артынан Валерий Орехов, Әлихан Әсетов, Роман Старченко мен Никита Михайлис бір голдан соғып, командаға жеңіс әкелді.
Осылайша Ұлттық құрама Әлем біріншілігінің элиталы дивизионындағы орнын сақтап қалды.