09.04.2022, 14:49
Спорт
Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды
Головкин - Мурата кездесуі бүгін өтеді
фото ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі үшін шамамен 12-15 доллар алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosport.kz – ке сілтеме жасап.
Total Sport сайтының хабарлауынша, Головкин жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.
Қазақстандық боксшы Сергей Деревянченкомен айқасы үшін 7,5 доллар алса, 2020 жылы соңғы рет өткізген Камил Шереметпен жекпе-жегінде 7 млн шамасында және оған қоса PPV сатудан 2-4 млн доллар алған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
