29.11.2021, 10:10
Спорт
Батутта секіруден әлем чемпионатында қазақстандықтар алтын медаль жеңіп алды
Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Қазақстандық дуэт 49,910 ұпай иеленген.
Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь жеңіп алды.

Грачёв пен Барков – Өскемен қаласының өкілдері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қоластында жаттығады.
Спортшылар 4 жылдан бері жұптасып синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
