Екі боксшы осыған дейін екі рет кездескен
Forbes журналисі Джош Кацовиц қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кацовиц GGG-мен сөйлесіп, «Канеломен» трилогия туралы сұрақ қойды.
«Егер Альвареспен үшінші кездесу өткізбесең, бұл карьераңдағы бір кемшілік болады деп ойлайсың ба» деген сұраққа Головкин былай жауап берді:
«Бұл менің карьерамдағы үңірейіп қалған кемдік болмайды. Маған қазір ыңғайлы. «Канелоға» қатысты бәрі түсінікті.
Егер бұл айқас айтарлықтай қызығушылық тудырып, шыңырауына жетіп, бәрі мүдделі болса, ол жекпе-жек өтеді. Мен ашықпын және дайынмын. Бірақ әрине, «Канело» не ойлайтынын ешкім білмейді», - деді Головкин.