11.11.2021, 18:16
Спорт
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылға қалды
Көптеген елде карантиндік шектеулер қиындық тудырып отыр
Бокстан әйелдер арасында 2021 жылдың 6-19 желтоқсанына жоспарланған әлем чемпионаты кейінге шегерілді деп хабарлайды Olympic.kz.
АІВА аталған турнирді өткізуге бар күшін салғаныман, көптеген елдің ұлттық федерациялары шектеулерге байланысты қиындыққа тап болды.
Осыған орай, АІВА директорлар кеңесі Түркия ұлттық федерациясымен кеңесе келе, әлем чемпионатын 2022 жылға шегеру туралы шешім қабылдады.
«Көптеген командалар жарысқа дайындалып жатқандықтан, олардың бұл жаңалықты ауыр қабылдайтынын білеміз. Алайда спортшылар мен ресми тұлғалардың және өзге де ұйымдастырушылардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сондықтан, біз тәуекелге бара алмаймыз», - деді АІВА президенті Умар Кремлев.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы