$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2021, 11:03
Спорт

Елордалық ардагер 48 келі болатын гір тасын 215 мәрте көтеріп, әлем рекордын жаңартты

Ол екі жыл бұрынғы өз рекордын жаңартты

Елордалық ардагер 48 келі болатын гір тасын 215 мәрте көтеріп, әлем рекордын жаңартты

Венгрияның Будапешт қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 32 елінен 650-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ардагерлер арасында 73 келіге дейінге салмақта ел намысын қорғаған Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттықтырушысы Серік Абдахин әлем ректордын жаңартты. Серік Абдахин 24 келілік екі гір тасын  10 минутта 123 рет жұлқып және 185 сермеп, жалпы қоссайыстың қорытындысы бойынша 215,5 рет көтерді. Осылайша ол өзінің 2019 жылы Сербияда өткен әлем біріншілігіндегі рекордтын жаңартты. Ал Сербияда 24 келілік екі гір тасын 205 рет көтерген болатын.

Серік Абдахин ардагерлер арасында әлем чемпионы атанса, жарыстың күміс және қола жүлделері  ресейлік спортшыларға бұйырды. Вячеслав Авдонин гір тастарын 205 рет көтеріп, екінші орынды жеңіп алса, Евгений Рыбаков 189 рет көтеріп үшінші орынға жайғасты.

«Әлем чемпионатына 17-рет қатысуым. Соның ішінде 22 рет чемпион атандым. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Соңғы рет 2019 жылы өз рекордымды жаңартқан болатынмын. Бұл жолы да әлем рекордын жаңарту бұйырыпты. Аллаға шүкір. Бұл жеңісім жастарға үлгі болса деймін. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз 7 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Қуаныштымыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының аға-жаттықтырушысы Серік Абдахин.

Әлем чемпионатындағы елордалық спортшылардың нәтижесі:

  • I орын - Ақжол Жеңісханұлы (78 кг);
  • I орын – Самат Нұрышев (95 кг).

Қыздар арасында:

  • III орын – Ақмарал Зупар (68 кг).

Ұзақ цикл бойынша:

  • I орын - Самат Нұрышев (95 кг).

Ұзақ цикл бойынша ардагерлер арасында:

  • I орын – Николай Куклин (85 кг);
  • II орын - Серік Абдахин (73 кг);
  • II орын - Ақжол Жеңісхан (78кг).

Жалпы командалық есепте ел құрамасы үшінші орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары