$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2021, 12:19
Спорт

«Барселона» кезекті жеңілісінен кейін бас бапкерін қызметінен қуды

Нидерланд маманы бейсенбі күні командамен қоштасады

«Барселона» кезекті жеңілісінен кейін бас бапкерін қызметінен қуды
Фото ашық дереккөзден

Испанияның «Барселона» командасы ішкі біріншілікте «Райо Вальеканодан» жеңілгеннен кейін бас бапкері Рональд Куманды қызметінен қуды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл шешімді «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта қабылдады.

«Барселона» Рональд Куманның атқарған жұмысына алғыс білдіріп, алдағы кәсіби карьерасына сәттілік тілейді», - делінген клуб хабарламасында. Нидерланд маманы бейсенбі күні командамен қоштасады.

Қыркүйек айында Жоан Лапорта өз сөзінде Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатындағы сәтсіздіктеріне қарамастан басшылық Рональд Куманға сенім білдіретінін айтқан.  

Айта кетейік, Рональд Куман команданың бас бапкері болып 2020 жылдың тамызында тағайындалған. Осы аралықта «Барселона» Испания кубогында ғана топ жарды. Ал футболшы ретінде каталон клубының намысын 1989-1995 жылдар аралығында қорғаған.

Серіктес жаңалықтары