20.10.2021, 18:11
Спорт
Тректегі велоспорттан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Әлем біріншілігі 24 қазанда мәресіне жетеді
Бүгін Францияның Рубе қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі сынға Қазақстан командасы да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
Франция жерінде Қазақстан атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:
- Спринт: Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов;
- Темп: Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхамедов, Дмитрий Потапенко, Дмитрий Юсифов.
Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты алғашында Ашхабадта өтуі тиіс болатын. Алайда, Түрікменстандағы карантин шараларына байланысты чемпионат Францияның Рубе қаласына ауыстырылды.
Әлем біріншілігі 24 қазанда мәресіне жетеді.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды