$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 13:58
Спорт

«Бұл менің алтын медалім!»: Левиттің қарсыласы Риодағы даулы жекпе-жек жайлы

Левит пен Тищенко жекпе-жегінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілді ме

«Бұл менің алтын медалім!»: Левиттің қарсыласы Риодағы даулы жекпе-жек жайлы

Бокстан Олимпиада чемпионы ресейлік Евгений Тищенко 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының финалында сыбайлас жемқорлыққа жол берілгені туралы хабарға орай пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тищенко өз сөзінде әділ спортты жақтайтынын және төреші шығарған шешімді тергеу ісіне оң қарайтынын айтты. Дегенмен ол қазақстандық боксшы Василий Левитті 2016 жылғы Олимпиада финалында әділ түрде жеңгеніне сенімді екенін жеткізді.

«Левитпен жекпе-жегімізге келер болсам, жақында қайтадан көріп шықтым. Иә, кездесу тең нәтижеге жақындау, бірақ мен өз жеңісіме сенімдімін. Бұл менің алтын медалім! Бұл бала күнімнен тынбай дайындалған, ұзақ жылдар бойғы еңбегімнің нәтижесі. Өз арманымды орындай алдым. Арада бес жыл өтсе де жұртқа қызықты екенім қуантады», - деді Евгений Тищенко.

Айта кетейік, жақында AIBA-ның өтініші бойынша профессор Ричард Макларен бастаған тәуелсіз комиссияның тергеуі 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында сыбайлас жемқорлыққа жол берілгенін анықтағаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары