Президент футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанда өтеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!»,- делінген жазбада.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал әлем чемпионатының финалы 3 қазанда өтеді.