17.09.2021, 09:54
Спорт
Азия чемпионы, Универсиада рекордшысы - қазақстандық ауыратлет қайтыс болды
Альберт Линдер бар болғаны 25 жаста болған
Бүгін түнде 25 жастағы қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Альберт Линдер ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиада жеңімпазы және рекордшысы. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы болған Альберт Линдер кәсібилігімен, спортқа деген ынта-жігерімен басқаларға үлгі болған.
Әзірге спортшының неден қайтыс болғаны туралы ресми хабарланған жоқ.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
