26.08.2021, 11:52
Спорт
Паралимпиада: Бүгін Токиода қазақстандық екі спортшы сайысқа түседі
Токиоға ел атынан 26 спортшы қатысады
Токио қаласында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары өтеді. Паралимпиада ойындарында ел намысын спорттың 7 түрінен 26 спортшы қорғайды.
Бүгін парапауэрлифтингтен жарыстар басталады. Онда екі қазақстандық ел намысын қорғайды. Қазақстандық спортшылардың ойын көрсету кестесі (елорда уақытымен):
- Парапауэрлифтинг: сағат 13:30-да әйелдер арасында 45 келі салмақ дәрежесінде Алина Солодухина сынға түседі;
- Парапауэрлифтинг: сағат 15:30-да ерлер арасында 54 келі салмақ дәрежесінде Давид Дегтярев өнер көрсетеді.
Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды