Токио-2020: трансгендер ауыратлет әйелдер жарысында жеңіліп қалды
Лорел Хаббард бұрын еркек болып, кейін жынысын өзгерткен
Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында трансгендер ауыратлет Лорел Хаббард жүлдесіз қалды. Аустралия намысын қорғап жатқан спортшы әйелдер арасында сынға түскен.
Айта кетейік, бұрын-соңды Олимпиада ойындарына трансгендер қатыспаған.
Хаббард болса 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеру жаттығуында үш мүмкіндігінің бірде-бірін пайдалана алмай, жарысты ерте аяқтады. Алғашқы мүмкіндігінде 120 келіні көтере алмаған Хаббард қалған екі мүмкіндігінде 125 келіге тапсырыс беріп, екеуінде де сәтсіздікке ұшырады.
Бұл салмақтағы бірінші орынды қытайлық Вэньвэнь Ли жеңіп алса, екінші орын британдық атлет Эмили Кэмпбелге бұйырды. Ал, үздік үштікті америкалық Сара Роблес қорытындылады.