Ол келесі айналымда жапон боксшысымен жұдырықтасады
Токио Олимпиадасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин 1/16 финалда Перу өкілі Леодан Пезоны жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
Жекпе-жектің алғашқы раундында Сафиуллин қарсыласынан бір бас жоғары көрінген. Қапталдағы бес төрешінің бәрі оған ұпай берді. Ал, қалған екі раундта төрешілердің пікірі екі жарылғанымен, жалпы есепте қазақстандық боксшының мерейі үстем болды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасынан рингке шыққан Серік Теміржанов та жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан болатын.