Токио Олимпиадасында Қазақстан атынан үстел теннисінен екі спортшы сынға түседі
Үстел теннисінен қазақтандық спортшылардың Олимпиада ойындарын қашан бастайтыны белгілі болды, деп жазады Olympic.kz.
Токио Олимпиадасында Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Олар – Анастасия Лаврова және Кирилл Герасименко. Анастасия Лаврова 24 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де жарысты бастайды. Оның қарсыласы – испаниялық Мария Сяо.
Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарындағы бірінші кездесуін 25 шілде күні өткізеді. Ол чехиялық Любомир Янчаржик пен Сауд Арабиясының өкілі Әли Әлхадрави жұбының жеңімпазымен кездеседі.