Бүгін, 00:27
Спорт

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Фатима Сұпығалиева финалда португалиялық қарсыласын жеңіп, Қазақстанға алтын медаль сыйлады

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.

«Сұпығалиева иппон әдісін орындап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Финалдық кездесу 2 минут 33 секундқа созылды», – деп жазылған хабарламада.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.