Қазақстандық балуан Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Автор: Асыл Арман

Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті

Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірген жоқ. Финалда отандасымыз ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшылар дүбірлі додада төрт алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.