Елена Рыбакина Қытайдағы турнир алдында маңызды мәлімдеме жасады
Теннисші маусымды үздік рейтингпен аяқтауды мақсат етіп отыр
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның шешуші кезеңіне қойған мақсаттарын айтып, Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирге қайта оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sports.kz мәліметінше, WTA 500 санатындағы Нинбо турнирі 19 қазанда басталып, 25 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстандық теннисші жарысқа қазіргі чемпион ретінде қатысады. Былтыр ол финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.
«Ең алдымен, мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл жерде керемет естеліктерім қалды. Биыл да жеңіске жетемін деп үміттенемін. Алдағы уақытта не болатынын көре жатармыз. Қазір мен үшін ең маңыздысы – рейтингте бірінші орынды сақтап қалуға тырысу. Тағы бірнеше апта бар күшімді салуым керек. Биылғы маусым сәтті өтті, бірақ сонымен бірге ұзаққа созылды. Сондықтан қазір денсаулығыма көңіл бөліп, физикалық жүктемені, матчтар мен демалысты дұрыс үйлестіруге тырысып жүрмін. Маусымды мықты аяқтағым келеді», – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін Рыбакина жанына жақын қалалар тізімін атаған болатын.