Бүгін, 12:40
Жаңалықтар
Рыбакина жанына жақын қалалар тізімін атады
Онда шетелдік қалалар да бар
Фото: ҚТФ
Рыбакина Алматыны өзінің сүйікті қалаларының бірі деп атады. Атақты теннисшінің жанына жақын қалалар тізіміне Мәскеу, Мельбурн және Лондон да енді. Олардың кейбірімен жеке естеліктер байланыстырса, кейбірі достық пен корттағы жарқын жеңістерімен қымбат, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық теннисші қытайлық жанкүйерлерге арналған жобада өз таңдауын бөлісті. Спортшы әр қаланың неліктен өзі үшін ерекше әрі ыстық екенін түсіндіріп берді.
«Мен Мәскеуді атар едім, өйткені ол жерде дүниеге келдім. Алматыны атаймын, себебі бұл қаланы қатты жақсы көремін. Ал Мельбурн мен Лондон — ол жақта достарым көп, сондай-ақ Уимблдонды жеңіп алдым», – деді Рыбакина.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты