18.10.2026, 23:43
Спорт

Қазақстандық семсершілер Әлем кубогі кезеңінде топ жарды

Қазақстан құрамасы финалда Ресейді 45:40 есебімен жеңіп, Әлем кубогінің алтын медалін иеленді

Қазақстандық семсершілер Әлем кубогі кезеңінде топ жарды
Фото: ҚР ҰОК/Владислав Семенов

Қазақстандық семсершілер Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Павлов және Александр Федотов Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыс жолында Қазақстан құрамасы Түркияны 45:20, Гонконгты 45:28 және Мысырды 45:40 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Францияның мықты семсершілерінен 45:39 есебімен басым түсті.

Финалда Қазақстан құрамасы Ресей спортшыларымен кездесті. Олар бұған дейін Өзбекстанды (45:41), Швейцарияны (45:38), Венгрияны (45:38) және Украинаны (45:29) жеңіп келген.

Шешуші кездесуде қазақстандықтар алғашқы үш жекпе-жектен кейін 9:7 есебімен алға шықты. Алты жекпе-жектен соң есеп 27:23 болды. Соңғы жекпе-жек алдында Қазақстан құрамасы 33:30 есебімен басымдыққа ие еді.

Алтын медаль тағдырын шешкен соңғы кездесуде Кирилл Проходов Дмитрий Швелидзені 12:10 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы финалда 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Күміс медаль Ресей құрамасына бұйырса, қола жүлдені Франция спортшылары иеленді.