03.10.2026, 10:37
Спорт
Азия ойындары: джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев күміс жүлде иеленді
Спортшы жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, финалға дейін үш қарсыласын сенімді түрде жеңді
Фото: olympickz
Қазақстандық 19 жастағы джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Азиадада сәтті өнер көрсетіп, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшы өзінің алғашқы Азия ойындарында ақтық сынға дейін жетіп, құрама қоржынына күміс медаль салды. Мерей Қабдуллаев жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, финалға дейін үш қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберген отандық спортшы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)