Виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр
Қазақстандық спортшы Рита Бакишева Жапония өтіп жатқан Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастап, бұл кезеңде Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен кездесті. Қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл спорт түрінде қатысушылар VR технологияларын пайдаланып сайысқа түседі. Спортшылардың қимыл-қозғалысын арнайы датчиктер тіркеп, виртуалды кеңістікке көшіреді. Ал қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.