Бүгін, 15:05
Спорт

Азия ойындары: Айбек Оралбай өзбек боксшысын жеңіп, чемпион атанды

Азия ойындарының бірінші алтынын Төрехан Сабырхан алған еді

Азия ойындары: Айбек Оралбай өзбек боксшысын жеңіп, чемпион атанды
Фото: Olympic.kz

Бүгін Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрлігі Айбек Оралбайдың жеңісін «Қазақстан боксының триумфы» деп атаған.

Дереккөзге сүйенсек, Айбек Оралбай финалда Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокировты жеңіп, алтын медаль иеленген.

«Бұл – осы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының бокстан алған екінші алтын жүлдесі. Айбек Оралбайдың алдында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпион атанған болатын», - деп хабарлайды министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, Айчи–Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.