Ол жартылай финалда Қытай теннисшісінен жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.
Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.