«Арада 12 жыл өтті»: Елдос Сметов Азия ойындарында күміс медаль иеленді
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, бұл жүлде Қазақстанға 12 жылдан кейін бұйырып тұрған медаль көрінеді.
«Жапонияның Аичи халықаралық аренасында Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді. Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Елдос Сметов жапон спортшысы Хаято Кондодан жеңіліп қалды», - деп хабарлайды министрлік.
Осылайша, бүгін Елдос сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы, дейді министрлік өкілдері.