Бүгін, 14:40
Спорт

Дзюдошы Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ол финалда жапониялық балуаннан жеңіліп қалды

Дзюдошы Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Olympic.kz/Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Сотаро Фудзиварамен күресті. Нәтижесінде жапониялық балуан жеңіске жетті.

Ал Әділет Алмат дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші күміс медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Елдос Сметов (60 келіге дейін) күміс алған еді.