Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысады

Автор: Алмас Ерсін

«Челси» 18 жастағы қазақстандық шабуылшыны тұрақты ойын тәжірибесін жинау үшін «Бернлиге» жалға беруді қарастырып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияда уақытша басқа клубқа ауысуы мүмкін. Лондондық «Челси» 18 жастағы футболшыны ересектер деңгейінде тұрақты ойын тәжірибесін жинауы үшін «Бернлиге» жалға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, жас футболшы «Терф Мур» стадионына келіп қойған. Енді ол медициналық тексеруден өтуге тиіс.

Медициналық тексеру «Бернлидің» «Вест Хэмге» қарсы өз алаңындағы матчы қарсаңында өтеді деп күтіліп отыр.

Қазақстандық футболшының Алматының «Қайратынан» лондондық клубқа 3,4 млн фунт стерлингке ауысуы 2025 жылдың басында алдын ала келісілген болатын. 18 жасқа толған күні Сәтпаев «Челсимен» тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған алты жылдық келісімшартқа ресми түрде қол қойды.

Егер тараптар келісімді сәтті аяқтаса, жас шабуылшы мансабының алдағы кезеңін «Бернли» сапында өткізеді.