Бүгін, 07:16
Спорт

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Төрт турдан кейін қазақстандық шахматшы 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: instagram.com/kzchessfederation

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында жыл сайын өтетін Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирі алтыншы рет ұйымдастырылып жатыр. Төртінші турда қазақстандық Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Александра Костенюкпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy sportarena.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық шахматшы ақ тастармен ойнап, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бірінші турда Асаубаева қара тастармен Украина өкілі Анна Музычукпен тең түсті.

Екінші турда қазақстандық шахматшы ақ тастармен ойнап, Үндістан өкілі Рамешбабу Вайшалимен де тең түсті.

Үшінші турда Асаубаева қара тастармен америкалық Элис Лиге қарсы ойнап, тағы да тең нәтижеге қол жеткізді.

Төрт турдан кейінгі турнир кестесі:

  1. Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;
  2. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;
  3. Дивья Дешмукх (Үндістан) – 2,5 ұпай;
  4. Ставрула Цолакиду (Грекия) – 2,5 ұпай;
  5. Элис Ли (АҚШ) – 2,5 ұпай;
  6. Анна Музычук (Украина) – 2 ұпай;
  7. Кларисса Ип (АҚШ) – 2 ұпай;
  8. Конеру Хампи (Үндістан) – 1,5 ұпай;
  9. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) – 1 ұпай;
  10. Александра Костенюк (Швейцария) – 0 ұпай.

Турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.