Торонтодағы «Мастерс»: Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы анықталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Торонтодағы WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама үшін ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі
Қазақстанның әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымында ресейлік Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 55-орын) кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sportarena.kz мәліметінше, турнирдің үшінші айналымында Самсонова әлемнің 75-ракеткасы, австралиялық Майя Джойнтты 7:5, 6:7 (3:7), 6:2 есебімен жеңді.
Енді ширек финал жолдамасы үшін ол америкалық Энн Лиді 6:2, 7:5 есебімен ұтқан қазақстандық Елена Рыбакинамен күш сынасады.
Турнирдің қазіргі чемпионы – канадалық Виктория Мбоко. Алайда ол аяқ жарақатына байланысты 2026 жылғы жарысқа қатысудан бас тартты.