Қазақстанның жас шахматшылары Алматыда Әлем құрамасын жеңді

Автор: Алмас Ерсін

Алматыда өткен командалық матчта қазақстандық жасөспірімдер әлем құрамасынан екі форматта да басым түсті

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі

Алматыда университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатымен қатар юношалар (Kazakhstan Boys Team vs. World Boys Team) және қыздар (Kazakhstan Girls Team vs. World Girls Team) командалары арасында матч өтті. Алдымен рапид, содан кейін блиц форматында ойындар өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рапидте де, блицте де Kazakhstan Boys Team World Boys Team-ді жеңді. Қыздар командалары арасындағы ойындар әлем құрамасының пайдасына аяқталды. Матчтың жалпы жүлде қоры 15 млн теңгені құрады. Әр командада 6 ойыншы болды – әр жас санаты бойынша бір-бірден: U8, U10, U12, U14, U16 және U18.

«Өздеріңіз білетіндей, біздің балалар мен жасөспірімдер құрамасы соңғы екі жылда әлемдегі ең үздік болды, сондықтан біз тәуекелге барып, әлем құрамаларын матчқа шақырдық. Бұл, әрине, тәуекелді іс-шара. Бірақ біз шынымен әлемдегі ең мықты болғандықтан, стартта жақсы мүмкіндіктер болды. Командамыз жеңе білді. Университеттер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында өткен бұл іс-шара бүкіл қызықты шараның сәнін келтірді», – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов.

Қазақстандық юношалар мен қыздар командаларының капитаны – гроссмейстер Борис Грачёв, ҚР балалар мен жасөспірімдер құрамасының бапкері. Әлем құрамаларының юношалар мен қыздар командаларының капитаны – халықаралық шебер Акакий Иашвили, ФИДЕ-нің арнайы тапсырмалар жөніндегі директоры және Грузия шахмат федерациясының президенті.

Акакий Иашвили қазақстандық команданың деңгейін жоғары бағалап, мұндай матчтың өтуі елде шахматтың қарқынды дамуының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Матч қызықты өтті, бірақ ең бастысы – ол Қазақстанда шахматтың қаншалықты жылдам әрі сенімді дамып жатқанын көрсетті. Ешбір басқа федерация әлі ұлттық құрама мен әлем құрамасы арасында матч өткізбеген, өйткені мұндай күшті балалар мен жасөспірімдер командасы әр елде бола бермейді. Меніңше, бұл Қазақстан шахмат федерациясы мен бүкіл Қазақстан үшін үлкен оқиға. Күрес шиеленісті болды. Қазақстандық юношалар командасы әлем құрамасын жеңді – бұл үлкен жетістік. Қыздар да лайықты өнер көрсетті, бірақ әлем құрамасы сәл күштірек болды. Оның құрамында 2026 жылғы әлем чемпиондары ойынға қатысты, сондықтан қарсыластар өте мықты болды. Соған қарамастан, күрес соңына дейін тең болды. Қорытындысында достық жеңді деп айтуға болады», – деді Акакий Иашвили.

4 тамыз Қатысушылар 15+10 рапид форматында (әр партияға 15 минут, әр жүріске 10 секунд қосылады) 4 партиядан ойнады. Kazakhstan Boys Team – 14,5 ұпай, World Boys Team – 9,5 ұпай.

Қазақстандық командаға:

Эдгар Мамедов (U18) – 3,5 ұпай

Сауат Нұрғалиев (U16) – 3,5 ұпай

Марк Смирнов (U14) – 2 ұпай

Әлімжан Жауынбай (U12) – 3 ұпай

Ризат Улан (U10) – 1 ұпай

Аслан Ендібаев (U8) – 1,5 ұпай

Әлем құрамасына:

Эмануэль Кот (Канада, U18) – 0,5 ұпай

Пау Марин Феррагут (Испания, U16) – 0,5 ұпай

Дамир Булгак (Беларусь, U14) – 2 ұпай

Борис Колодзейчик (Франция, U12) – 1 ұпай

Нұрмұхаммад Нематиллахонов (Өзбекстан, U10) – 3 ұпай

Цзинь Юйсинь (Қытай, U8) – 2,5 ұпай

World Girls Team Kazakhstan Girls Team-ді 18:6 есебімен жеңді. Әлем құрамасына:

  1. Валерия Клеймёнова (FIDE, U18) – 2 ұпай
  2. Вероника Абрамкина (Беларусь, U16) – 3 ұпай
  3. Захра Аллахверди (Әзербайжан, U14) – 2,5 ұпай
  4. Алиса Генриетта Юнкер (FIDE, U12) – 4 ұпай
  5. Чэнь Чжихань (Қытай, U10) – 2,5 ұпай
  6. Сунь Юньцзинь (Қытай, U8) – 4 ұпай
  7. Қазақстандық қыздар командасына:
  8. Зарина Нұрғалиева (U18) – 2 ұпай
  9. Елнәз Қалиахмет (U16) – 1 ұпай
  10. Аланна Берікқызы (U14) – 1,5 ұпай
  11. Алиша Бисалиева (U10) – 1,5 ұпай

5 тамыз Командалар 8 блиц партиясын ойнады. Kazakhstan Boys Team әлем құрамасын 27,5:20,5 есебімен жеңді.

Қазақстандық командаға:

Эдгар Мамедов (U18) – 6 ұпай

Сауат Нұрғалиев (U16) – 4,5 ұпай

Марк Смирнов (U14) – 4 ұпай

Әлімжан Жауынбай (U12) – 5 ұпай

Ризат Улан (U10) – 3,5 ұпай

Аслан Ендібаев (U8) – 2,5 ұпай

Данис Қуандықұлы (қосалқы ойыншы) – 2 ұпай

Әлем құрамасына:

Эмануэль Кот (Канада, U18) – 2 ұпай

Пау Марин Феррагут (Испания, U16) – 2,5 ұпай

Дамир Булгак (Беларусь, U14) – 3 ұпай

Борис Колодзейчик (Франция, U12) – 3 ұпай

Нұрмұхаммад Нематиллахонов (Өзбекстан, U10) – 4,5 ұпай

Цзинь Юйсинь (Қытай, U8) – 5,5 ұпай

World Girls Team Kazakhstan Girls Team-ді 27:21 есебімен жеңді. Әлем құрамасына:

Валерия Клеймёнова (FIDE, U18) – 5 ұпай

Вероника Абрамкина (Беларусь, U16) – 3 ұпай

Захра Аллахверди (Әзербайжан, U14) – 1,5 ұпай

Алиса Генриетта Юнкер (FIDE, U12) – 7 ұпай

Чэнь Чжихань (Қытай, U10) – 7,5 ұпай

Сунь Юньцзинь (Қытай, U8) – 3 ұпай

Қазақстандық қыздар командасына:

Зарина Нұрғалиева (U18) – 3 ұпай

Елнәз Қалиахмет (U16) – 5 ұпай

Аланна Берікқызы (U14) – 6,5 ұпай

Жансая Шолпанбек (U12) – 1 ұпай

Алиша Бисалиева (U10) – 0,5 ұпай

Венера Жакишева (U8) – 5 ұпай

«Біздің шахматшылар мен балалар-жасөспірімдер құрамасының бапкерлеріне осы матчқа дайындыққа үлкен күш жұмсағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрловқа ерекше ризашылығымды білдіремін – ол балаларымызға сеніп, жас таланттарды жүйелі түрде қолдайды. 2023 жылдан бастап оның бастамасымен арнайы бағдарлама жұмыс істейді, оның аясында жыл сайын 34 бала алтын және күміс пакеттер бойынша гранттық қолдау алады. Бапкерлер штабының жұмысы мен федерацияның қолдауының арқасында біздің жас шахматшылар өздерінің ең жоғары нәтижелерін көрсете алды», – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Жарыстарды ұйымдастырушылар: Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE), Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы, Алматы қаласының әкімдігі. Бас серіктестер: Freedom компаниялар тобы, «Шапағат» корпоративтік қоры. Ресми серіктестер: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Almaty Tourism Bureau және Visit Almaty, Herbalife компаниясы, Lichess.org онлайн-платформасы, «Zigi-Zagi» сусындар бренді, Qutty Band смарт-сағат бренді. Ақпараттық серіктестер: «Еуразия» Бірінші арнасы, Qazsport, «Хабар» агенттігі, 24.kz, Jibek Joly, Silk Way, 7tv, «Астана» телеарнасы, «МИР» ТРК, Sport+, «Курсив», «Қазинформ», Tengrinews, TengriSport, Vesti.kz, Amanat media group, NewTimes, Bes.media, Aikyn.kz, Liter.kz, DK News, Ult.kz, Sportinform.kz, Azattyq Ruhy, Turkystan.kz, Жұлдыз FM, Радио NS, Orda.fm, Toppress, Today Info, Chessно говоря, ChessBase.

Тегтер: