Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Анна Шишковамен жұптасып, W100 Gran Canaria–Maspalomas турнирінің жұптық сынында чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияда өткен ITF World Tennis Tour W100 сериясындағы беделді турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sportarena.kz мәліметінше, финалда Жібек чехиялық Анна Шишковамен жұптасып, швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған дуэтті екі сетте жеңді.
Бас жүлде сарапқа салынған кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды. Турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-чехиялық жұп алғашқы сетті сенімді түрде өз пайдасына шешіп, екінші сетте де қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 6:3, 7:6 (7:3) Құламбаева мен Шишкованың пайдасына аяқталды.
W100 Gran Canaria–Maspalomas топырақ төсенішіндегі турнирі Испанияның Маспаломас қаласында өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды (47 млн теңге) құрады.