Отандасымыз жолдастық кездесуде «ВС Уондерерс» командасына қарсы алаңға шықты
Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев Англияның «Челси» командасы сапында негізгі құраммен алаңға шығып, небәрі 6-минутта гол соғып үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз жолдастық кездесуде «ВС Уондерерс» командасына қарсы алаңға шықты.
17 жастағы Дастан Сәтпаев осылайша өзіне берілген алғашқы мүмкіндікте гол соғып үлгерді.
Айта кетейік, «Челси» мен «ВС Уондерерс» арасындағы жолдастық матч Аустралияның Сидней қаласында маусым алдындағы дайындық барысында өтіп жатыр. Дастан Сәтпаев алдағы тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде «ақсүйектердің» ойыншысы атанады.