Бұл туралы Sotheby's аукцион үйінің ресми сайты хабарлады
1958 жылғы әлем чемпионатының финалында Бразилия құрамасы Швецияны 5:2 есебімен жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы атанған. Сол кездесуде небәрі 17 жастағы Пеле екі гол соғып, футбол тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аукцион 29 маусымда басталып, 16 шілдеде аяқталды. Пеленің жейдесі 4,88 миллион долларға сатылғанымен, бұл футбол жейделері арасындағы ең қымбат лот емес.
Қазіргі рекорд Аргентина аңызы Диего Марадонаның жейдесіне тиесілі. Ол 2022 жылы 9,28 миллион долларға сатылған. Марадона бұл жейдені Аргентина құрамасы жеңімпаз атанған 1986 жылғы әлем чемпионатында киген.