Көкшетауда өткен республикалық спартакиадада БҚО әкімдігінің қызметкерлері жеңімпаз атанды
Спартакиада 10-17 шілде күндері өтті
10-17 шілде күндері Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында өткен дәстүрлі республикалық спартакиадада Батыс Қазақстан облысынан келген қызметкерлер жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласының командалары 10 спорт түрі бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы 208 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте көш басынан көрінді. Ақтөбе облысы 196 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, ақмолалық команда 190 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Дереккөз атап өткендей, бұл жеңіс – облыс спортшыларының, бапкерлері мен команда мүшелерінің қажырлы еңбегі мен бірлігінің жемісі.