Матч тағдырын қосалқы құрамнан шыққан Микель Мериноның соңғы минуттағы голы шешті
Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу тағдырын негізгі уақытқа қосылған минутта соғылған гол шешті. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Микель Мерино 90+1-минутта мергендік танытып, Испанияға жеңіс сыйлады.
Енді Испания ширек финалда АҚШ – Бельгия матчының жеңімпазымен кездеседі. Ойын 11 шілдеге қараған түні өтеді.
Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду үшін бұл әлем чемпионаты мансабындағы алтыншы мундиаль болды. 41 жастағы футболшы әлем чемпионаттарында 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Испаниямен кездесу алдында Роналду бұл турнир өзі үшін соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның мундиальдардағы ең үздік нәтижесі – 2006 жылы жартылай финалға шығу.