Бүгін, 06:29
Спорт

Нидерланд, Жапония және Швеция құрамалары әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Топтық кезеңнің соңғы турында қажетті нәтижеге қол жеткізген үш құрама жарыстың келесі кезеңіне өтті

Нидерланд, Жапония және Швеция құрамалары әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Фото: © istockphoto.com

Нидерланд құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобындағы матчта Тунис құрамасын 3:1 есебімен жеңді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ойынның үшінші минутында Тунис құрамасының қорғаушысы Эллиес Скири допты өз қақпасына кіргізіп алды. Жетінші минутта нидерландылық шабуылшы Брайан Бробби мергендігімен көзге түсті. 54-минутта Тунис құрамасының шабуылшысы Хазем Мастури бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Ал 62-минутта қорғаушы Ян Паул ван Хекке Нидерланд құрамасының үшінші добын соқты.

Бұдан кейін Жапония құрамасы Швециямен тең ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Швеция құрамасы сапында Энтони Эланга гол соқса, Жапония құрамасынан Дайдзен Маэда көзге түсті.

Жапония құрамасы бес ұпай жинап, топта екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Нидерланд құрамасы жеті ұпаймен квартетте бірінші орынға шықты. Үшінші орынға төрт ұпай жинаған Швеция құрамасы тұрақтады. Ал Тунис құрамасы ұпайсыз қалып, топта соңғы орын алды.