«Барыс» орденімді алу үшін Астанаға үш рет келдім, үш рет Мырзабосынов оны берген жоқ – Асаубаева

Автор: Бақыт Шынар

Министрдің өзі оны марапаттау туралы Жарлыққа былтыр желтоқсанда қол қойған екен

Фото: instagram.com/kzchessfederation

Бүгін жалақысы мен қаржыландыруға қатысты өткір мәлімдеме жасаған шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева былтырдан бері өзіне тиесілі «Барыс» орденін ала алмай жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, туризм және спорт минстрі Ербол Мырзабосынов Асаубаеваға ІІ дәрежелі «Барыс» орденін беру туралы Жарлыққа өзі қол қойып алып, оны өзі бермей жүр.

«2025 жылдың 30 желтоқсандағы жарлығыңыз бойынша маған екінші дәрежелі «Барыс» ордені тағайындалды. Мен спорт министрлігінің шақыруымен сол орденімді алу үшін Астанаға үш рет ұшып келдім. Бірақ үш рет Мырзабосынов орденді беруге келген жоқ. Осылайша, ол орденімді сол қалпы ала алмадым», - дейді Асаубаева.

Айта кетейік, бүгін ол Ербол Мырзабосынов министр болғаннан бері жалақысы үш есе азайып қалғанын айтып, Тоқаевтың атына үндеу жариялаған еді.