Қазақстанның тректегі велоспорт құрамасы Германияның Людвигсхафен қаласында өткен халықаралық турнирде екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстанддық спортшылар омниум сайысында жүлдегерлер қатарына енді.
Илья Карабутов жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алса, Максим Хорошавин қола медаль иеленді.
Ал турнирдің жеңімпазы Германия өкілі Мориц Аугенштайн атанды.