Роналду Al-Nassr сапында алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Бұл – клубтың 2019 жылдан бергі алғашқы марапаты

Роналду Al-Nassr сапында алғаш рет Сауд Арабиясының чемпионы атанды
Фото: https://www.instagram.com/p/DYnP65xA0rp/

Криштиану Роналду алғаш рет Al-Nassr сапында Сауд Арабиясының чемпионы атанды. Эр-Рияд клубы соңғы турда Damac FC командасын 4:1 есебімен жеңіп, маусымды 86 ұпаймен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Матчта алғашқы гол 34-минутта соғылып, екінші таймда есеп 2:0 болды. Қонақтар пенальтиден бір гол қайтарғанымен, кейін Роналду дубль жасап, чемпиондықты нықтай түсті.

Бұл - Роналдудың Сауд Арабиясындағы алғашқы ресми чемпиондығы. Ол «Аль-Насрға» 2022 жылдың желтоқсанында ауысқан еді. Осы уақытқа дейін клубпен бірнеше финалда жеңіліп, чемпиондыққа бір табан жетпей қалған болатын.

Маусым барысында португалиялық шабуылшы 28 гол соғып, лиганың үздік сұрмергендері қатарында болды. Барлық турнирді қоса есептегенде 37 матчта 30 гол соққан.

Чемпиондықтан кейін Роналдудың көзіне жас алған сәті әлеуметтік желіде кең тарады. Көпшілік бұл титулды оның мансабындағы ерекше эмоционалды жеңістердің бірі деп бағалады.

Айта кетерлігі, Роналду енді Англия, Испания, Италия және Сауд Арабиясы чемпионаттарын жеңген санаулы футболшылардың қатарына енді. Бұған дейін ол Manchester United, Real Madrid және Juventus сапында да чемпион атанған.

Сондай-ақ бұл жеңіс «Аль-Насрдың» 2019 жылдан бергі алғашқы Сауд лигасының титулы болды.