12.05.2026, 16:32
Спорт
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық дзюдошылар Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті. 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.
Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды