Бүгін, 06:18
Спорт

Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо реванш өтетін күн мен орынды белгіледі

Екі тараптың өкілдері жекпе-жектің негізгі шарттары бойынша келісімге келген

Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо реванш өтетін күн мен орынды белгіледі
Фото: Getty Images

Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо 26 қыркүйекте Лас-Вегаста реванш өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxingScene басылымының журналисі Лэнс Пагмайрдың жазуынша, тараптар соңғы келісімге жақындап қалған. Жекпе-жек ресми кәсіби кездесу ретінде өтіп, екі боксшының рекордына енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Бастапқыда бокс кешін 19 қыркүйекте Sphere аренасында өткізу көзделген. Алайда Eagles тобының концертіне байланысты ұйымдастырушылар күн мен орынды өзгертуге мәжбүр болған.

Қазіргі таңда кездесу MGM Grand аренасында өтеді және Netflix платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі деп күтілуде.

Инсайдердің мәліметінше, екі тараптың өкілдері жекпе-жектің барлық негізгі шарттарын келісіп қойған.

Еске салайық, Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы алғашқы кездесу 2015 жылы өткен болатын. Сол жекпе-жекте америкалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен. Бұл кездесу бокс тарихындағы ең табысты спорттық оқиғалардың бірі саналады.