Татьяна Долбышева жуырда «Томирис» командасының құрамында ерекше қабілетін танытқан
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ әскери қызметкерлерді ордендермен марапаттап, оларға шен тапсырды. Солардың арасында 17 адам Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп жазады Azattyq Rýhy
Ақордадағы тізімге сай, сол 17 ер-адамның арасында Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің инспекторы Татьяна Долбышева да бар. Ол жуырда Дубайда өткен жарыста «Томирис» әйелдер құрамында ерекше еңбегімен көзге түскен еді.
«Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды», - деп хабарлаған Ақорда солардың тізімін ұсынды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті.