Серік Сәпиевтің үш айдай бос тұрған орнына жаңа басшы тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Қарағанды облысының дене шынықтыру басқармасын енді Нұркен Нұратов басқарады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын енді Нұркен Нұратов басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның кандидатурасына Туризм және спорт министрлігі келісім берді.

Айта кетейік, бұл лауазымынды бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарған болатын. Бірақ, биыл ақпан айында ол өзінің сол кездегі орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелесіп қалған болатын. Кейін екеуі де өз еркімен қызметтен кеткен.

«Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткер Нұркен Нұратовтың кандидатурасына келісім берді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, Нұркен Нұратов Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы болған.