Әлем кубогі: еліміздің төрт боксшысы финалға шықты

Құраманың үш өкілі турнирді қола жүлдемен аяқтады

Әлем кубогі: еліміздің төрт боксшысы финалға шықты
Фото: ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. Тартысты өткен сындардың нәтижесінде Қазақстан құрамасының төрт спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жартылай финалдың нәтижелері

1/2 финалдық кезеңде қазақстандық үш боксшы қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

Виктория Графеева (60 кг) польшалық Анета Рыгельскаяны 5:0 есебімен айқын жеңді. Ал Аида Әбікеева (65 кг) Ошин Дериумен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) германиялық Валерий Вальтерден басым түсті – 5:0.

Айта кетерлігі, Валерия Аксенова (80 кг-нан жоғары) жеребе қорытындысы бойынша бірден финалға шықты. Бұл салмақ дәрежесінде тек екі қатысушы ғана бар.

Құраманың үш өкілі жартылай финалда сүрініп, турнирді қола жүлдемен аяқтады. Олар: Алуа Балқыбекова, Жібек Жарасқызы және жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан Диас Молжігітов.

Алтын медаль үшін өтетін финалдық жұптар:  Виктория Графеева — Ребекка Сантос (Бразилия); Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан); Валерия Аксенова — Жофия Сира (Венгрия) және Сұлтанбек Айбарұлы — Кауе Белини (Бразилия)