26.04.2026, 01:21
Спорт
Жібек Құламбаева Қытайдағы ITF турнирінде жұптық сында чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Баотоу қаласында өткен жарыста сенімді жеңіске жетті
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалда Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге Италия өкілі Дилетта Черубини мен Қытай теннисшісі Ченги Юаньнан құралған жұпты айқын басымдықпен жеңді. Кездесу толықтай қазақстандық-ресейлік дуэттің үстемдігімен өтіп, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.
Бұл жеңіс Құламбаеваның жоғары спорттық бабын тағы бір мәрте дәлелдеді. Теннисші Билли Джин Кинг кубогындағы ұлттық құрама сапындағы ойындардан кейін де қарқынын жоғалтпай, ілгерілеп келеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды