$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде алтын алды

Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде алтын алды
Фото: ҰОК

Швейцарияның Айроло қаласында өткен фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Отандасымыз Асылхан Асан жекелей сында қарсыластарынан басым түсіп, ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей сайыста аса жоғары шеберлік танытты. Төрешілер оның өнерін жоғары бағалап, жеңіс тұғырына көтерді:

Асылхан Асан (Қазақстан) – 99.84 ұпай (1-орын);

Роман Бондарчук (Украина) – 99.45 ұпай (2-орын);

Эллиот Примо (Канада) – 93.76 ұпай (3-орын).

Асылхан Асан украиналық Роман Бондарчукпен тартысты өткен сында 0.39 ұпай айырмашылығымен алға шықты. Бұл жеңіс қазақстандық фристайл мектебінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.