Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол жартылай ауыр салмақта тартысты жекпе-жек өткізді

Фото: instagram / @nurgozhay_diyar

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 326 турнирінде жеңіске жетті. Ол жартылай ауыр салмақтағы тартысты жекпе-жекте қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Дияр Нұрғожай бразилиялық Рафаэль Тобиаспен кездесті. Айта кетерлігі, бұл кездесуде сарапшылар мен букмекерліктер бразилиялық спортшыны фаворит деп санаған болатын.

Жекпе-жек форматы: 3 раунд;

Нәтиже: Төрешілердің шешімімен Дияр Нұрғожай жеңіске жетті;

Салмақ дәрежесі: Жартылай ауыр салмақ.

Бұл жеңіс Дияр Нұрғожай үшін UFC-дегі алғашқы жеңіс ретінде тіркелді. Бұған дейін қазақстандық спортшы аталған ұйымда екі рет мерзімінен бұрын жеңіліс тапқан болатын.

1. Дияр Нұрғожай: Кәсіби мансабындағы 11-жеңісі.

2. Рафаэль Тобиас: UFC-дегі дебюті сәтсіз аяқталып, ММА-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.