$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Паралимпиада-2026: Ербол Хамитов биатлоннан сегізінші орын алды

Ол 7,5 шақырымдық спринт жарысына қатысқан еді

Паралимпиада-2026: Ербол Хамитов биатлоннан сегізінші орын алды
Фото: paralympic.org

Италияның Верона қаласында өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитов үздік нәтиже көрсетті. Ол 7,5 шақырымдық спринт жарысында сегізінші орынды иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2025 жылғы Әлем кубогының иегері, 28 жасар Ербол Хамитов екі ату кезеңінде бар болғаны бір рет мүлт кетіп, қашықтықты 20:47,2 минутта жүріп өтті.

Алтын жүлде: украиналық Тарас Рад (19:55,5) чемпион атанды.

Күміс және қола: қытайлық спортшылар Минтао Лю мен Жиксю Лю еншісіне бұйырды.

Айта кетерлігі, алғашқы алтылыққа енген спортшылардың барлығы нысананы дәл көздеген.

Биатлонның осы түрі бойынша Қазақстан намысын тағы екі спортшы қорғады:

51 жастағы Сергей Усольцев нысанадан мүлт кетпесе де, мәреге 18-ші болып жетті (23:12,4).

Ойындардың дебютанты 42 жастағы Юрий Березин 25-ші орынды иеленді (25:40,9).

Бүгін Бейжің-2022 Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлиц тұрып бақ сынау санатында дәл осы қашықтықта жарыс жолына шығады.

Паралимпиада-2026

6 ақпанда Веронада салтанатты түрде ашылған XIV қысқы Паралимпиада ойындарына 665 спортшы қатысуда. Олар спорттың 6 түрінен 79 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан намысын шаңғы жарысы мен биатлоннан жеті отандасымыз қорғап жатыр. Жарыс 15 наурызға дейін жалғасады.