Софиядағы «Странджа кубогында» алты қазақстандық боксшы финалға шықты

Автор: Алмас Ерсін

Халықаралық турнирдің жартылай финалында Қазақстан құрамасының бес спортшысы жеңіске жетсе, бір боксшы финалға тікелей жолдама алды

Фото: olympic.kz

Болгария астанасы Софияда өткен халықаралық «Странджа кубогы» турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының алты өкілі алтын жүлде үшін таласатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1/2 финал қорытындысы бойынша Даниял Сабит (50 келіге дейін), Фарух Токтасынов (70 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Лаура Есенкельды (65 келіге дейін) және Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал 80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец жеребе қорытындысы бойынша бірден финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының алты боксшысы турнирдің алтын медалі үшін жұдырықтасады.

Сонымен қатар, Анель Сакыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, финалдық айқастар бүгін, 1 наурыз күні өтеді.

Тегтер: