Сауда-саттық 3 наурыз күні өтеді
Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы «Тұран» футбол клубын сатылымға шығарды. Sauda.e-qazyna.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, сауда-саттықтың бастапқы бағасы 1 054 000 теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл сауда-саттыққа қатысу үшін 158 мың теңге кепілді жарна төлеу керек. Сауда-саттық 3 наурыз, сағат 10.00-ге жоспарланған.
Футбол клубын сатып алған алдағы 10 жыл ішінде жасөспірімдерге арналған футбол академиясын салуға, инвестиция салуға, әйелдер құрамасын жасаөтауға, жалпы, клуб штатын сол қалпында сақтауға міндетті болады.
Айта кетейік, жуырда хабарлағынымыздай, Шымкент қаласының әкімдігі «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіріп, оны кәсіпкердің қолына берген.